Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «Біз озық елде өмір сүргіміз келеді»: СҚО бойынша ҚХА «Жомарт Жан» орталығының жетекшісі Алла Писаренко референдум жайлы пікір білдірді

«Біз озық елде өмір сүргіміз келеді»: СҚО бойынша ҚХА «Жомарт Жан» орталығының жетекшісі Алла Писаренко референдум жайлы пікір білдірді

Солтүстік Қазақстан облысының қоғам қайраткерлері 6 қазан күні өткен АЭС құрылысы жөніндегі референдум туралы пікір білдіріп жатыр. Маңызды мәселе бойынша ҚХА-ның СҚО бойынша «Жомарт Жан» орталығының жетекшісі Алла Писаренко QZ News тілшісімен кездесті, ол бүкілхалықтық дауыс беруге байланысты өз ойын ортаға салды.

“Референдум күні “қолдаймын” немесе “қарсымын” деген нұсқаның бірін әркім өз бетінше таңдады. Мен отбасыммен бірге учаскеге барып, Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты дауыс бердім. Біз болашағы жарқын озық елде өмір сүргіміз келеді. Көптеген адам жарықсыз отыруға тура келген 90-шы жылдарды әлі ұмытқан жоқ. Жарық бірнеше сағат, кейде тәулік бойы болмады. Қазір ҚР-да қызу салынып жатқан нысандардың бәрі үнемдейтін орасан зор ресурстарды талап етеді. Біз Кеңестік кезеңнен қалған ресурсты пайдаландық, онымен енді алға жылжуға мүмкіндік жоқ”, – деп атап өтті СҚО бойынша ҚХА “Жомарт Жан” орталығының басшысы Алла Писаренко.

Белгілі қоғам қайраткері АЭС құрылысы біздің елімізге мол септігін тигізетінін, дамушы қалалар алға басатынын мәлімдеді.

“Бізге жарық пен жылу ауадай қажет, егер біз өткелі тұрған кезеңде өзгеріссіз қалсақ, жаңа шешімдерден, жаңа прогрессивті құрылыстардан қорықсақ, Қазақстанның бұрынғы күндері оралады. Ел тұрғындары алға жылжып, озық елдермен бірге дамығысы келеді. Бізге жаңа үйлер мен кәсіпорындар қажет”, – деді Алла Писаренко.

Shares