«Жел мен күн энергиясы елдің қажеттілігін толық жаба алмайды», – Геннадий Зенченко АЭС құрылысын қолдайды
Атақты жерлесіміз, «Зенченко және К» КС директоры Геннадий Зенченко Қазақстанға жаңадан берілуі мүмкін энергия аса қажет деп санайды. Тәуелсіз елімізде ядролық энергияның болашағы бар деп санайтын өңірдегі ірі ауыл шаруашылығы компаниясының басшысы ойындағысын жария етті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Біздің шаруашылықта жел кешендері тұр. Бүгінде 4,5 МВт қуатқа иеміз. Осы орайда мынаны түсіну керек, біз сағатына мегаватт электр энергиясын беретін қондырғыны алсақ, ол біздің климатымызда 120-160 кВт береді. Иә, оны балама деп атауға болады, ол – көмек, экологияға қамқорлық. Алайда, егер елімізді алға жылжытқымыз келсе, өнеркәсіпті дамытқымыз келсе, осы бағытта ілгерілеуіміз керек. Әлем ядролық энергетикамен жақсы таныс, проблемалар бар, бірақ оларды бүгіннен шешу қажет”, – деп сенеді “Зенченко и К” КТ директоры Геннадий Зенченко.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда елімізде ҚХР, РФ, Оңтүстік Корея мен Францияның компаниялары ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілері ретінде қарастырылуда.
“Аккредиттелген компанияны таңдау маңызды. Мұндай ұйым бүкіл әлем бойынша бірінші нөмір болып саналады, проблемасы болмайды. Бұл қозғалысты іске қосады, өндірістер кеңейе алады. Басқа балама жоқ. Тәуекелге бару керек. Жел мен күн энергиясы еліміздің қажеттілігін жаба алмайды”, – деп санайды “Зенченко и К” коммандиттік серіктестігінің директоры Геннадий Зенченко.