Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да заңнама талаптарын сақтамаған үш аудан әкімі жауапкершілікке тартылды

СҚО-да заңнама талаптарын сақтамаған үш аудан әкімі жауапкершілікке тартылды

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде экологиялық заңнаманы сақтау мәселесі бойынша алқа отырысын өткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Облыс прокурорларымен жүргізілген талдау нәтижесінде қалдықтармен жұмыс істеу кезінде заңнама талаптарының өрескел бұзылғаны анықталды. Прокурорлардың араласуынан кейін 11 ауданда тұрғындар үшін қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтер белгіленді. Облыстың тағы 6 ауданында негізсіз көтерілген тарифтерді төмендету бойынша шаралар қабылдануда.

Экологиялық заңнама талаптарын сақтамағаны үшін әртүрлі жауапкершілікке 95 тұлға тартылды, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының 3 ауданына жетекшілік ететін әкімдер бар.

Shares