Есіл ауданындағы қосалқы станцияда жабдықтар жаңғыртылуда
«Солтүстік Қазақстан Тарату Электржелістік Компаниясы» АҚ инвестициялық бағдарлама аясында ашық тарату құрылғыларының блоктарын қайта құру және ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды QZ News тілшісі «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ға сілтеме жасай отыра.
Тиісті жұмыстар Есіл ауданындағы 110/35/10 кВ «Покровка» қосалқы станциясында жүргізілуде. Майлы ажыратқыштары бар АТҚ-35 кВ 4 блогы вакуумдық ажыратқыштары бар блоктарға ауыстырылуға жатады.
Жұмыстар СҚО Есіл ауданының тұрғындарын сапалы және сенімді электрмен жабдықтау үшін жүргізілуде.