Петропавлдағы кәсіпорындардың бірінде оқу дрондары жиналмақ
Петропавлдағы «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ базасында болашақ әскерилерге арналған оқу-жаттығу дрондарын шығару жұмысы басталмақ. Жергілікті кәсіпорын бұл жобаны Астанада орналасқан «Cleverest Defense Systems» ЖШС-мен бірлесіп іске қосады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Қазіргі таңда біз қызметкерлеріміздің тобын инженерлік-техникалық мамандармен жасақтадық, Олар түрлі дронды дайындау үшін қажетті білімге ие. Кәсіпорында 3D принтерлер мен бұйымдардың алғашқы үлгілерін дайындауға қажетті басқа да жабдықтар бар”, – деді “С.М. Киров атындағы зауыт” АҚ бас директоры Алмас Нұрмағамбетов.
Жергілікті кәсіпорын басшысы жақын арада серіктес компаниялар бірлескен жұмыстың нәтижелерін жариялайтынын да атап өтті.
“Кездесуде осындай оқу жабдықтарын бірлесіп әзірлеу және оқу процесін заман талабына және қазіргі жағдайға сәйкес ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Бұрын конструкторлық бюро ретінде көбірек жұмыс істейген компанияда антидрондар желісі әзірленді, енді дрондармен айналыса бастадық”, – деп түсіндірді “Cleverest Defense Systems” ЖШС коммерциялық директоры Евгений Лукашов.