Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Уәлиханов ауданында 31 шақырымды құрайтын жолды орташа жөндеу жұмыстары аяқталып қалды

Уәлиханов ауданында 31 шақырымды құрайтын жолды орташа жөндеу жұмыстары аяқталып қалды

Уәлиханов ауданының әкімі Мұрат Абдулов «Щучинск-Степняк-Золотая Нива-Кішкенекөл» КСТ-57 автомобиль жолының орташа жөнделу барысын тексерді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Ұзындығы 31 шақырым болатын Ақбұлақ-Аққұдық ауылдарының арасында жұмыстар жүргізілуде. Жобаның құны – 744 млн теңге. Мердігер ұйым – «Новинтех» ЖШС. Жұмысты аяқтау мерзімі – 2024 жылдың 15 қарашасы”, – деп жазды Мұрат Абдулов өзінің Facebook парақшасында.

Солтүстік Қазақстан облысында жол жұмыстарының маусымы әлі аяқталған жоқ. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты бейінді компаниялар учаскелердегі жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтауы тиіс.

Shares