Қараша айында СҚО-да жаңбыр мен қар жауады, тұман түсіп, қатты жел соғады
«Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалының мамандары QZ News тілшісіне қараша айында солтүстікқазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтып берді. Үшінші күз айының бірінші онкүндігінде ауа температурасы түнде -5-0°С, күндіз +1+6°С болады, Содан кейін ауа температурасы түнде +2+7°С, күндіз +7+12°С дейін көтеріледі. Онкүндіктің соңында ауа температурасы төмендейді, түнде – -3-8°С, ал күндіз -5-0°С болады.
“Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде -3-8°С-тан -15-20°С-қа дейін, ал күндіз -2+3°С-тан -9-14°С-қа дейін біртіндеп төмендейді деп күтілуде. Онкүндіктің соңында ауа температурасы көтеріледі. Үшінші онкүндікте ауа температурасының түнде -5-10°С-дан -14-19°С-қа дейін, оңтүстік-батыста -24°С дейін, ал күндіз 0, -5°С-дан -9-14°С-қа дейін, оңтүстік-батыста -16°С-қа дейін ауытқуы күтілуде. Онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде -10-15°С, күндіз -4-9°С дейін төмендейді деп күтілуде”, – деп хабарлады ” Қазгидромет” РМК СҚО бойынша филалы.
Ай ішінде жауын-шашын көлемі облыстың көп бөлігінде нормаға жуық, ал облыстың шығысында нормадан артық болады деп күтілуде. Қараша айында жаңбыр жауып, қар түседі. Тұман бірінші онкүндіктің соңында, екінші және үшінші онкүндіктің ортасында болуы мүмкін. 15-20 м/с жел тіркеледі, бұрқасын осы айда жиі болады деп күтілуде.