Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «Таза Қазақстан»: Смирново ауылында қылқан жапырақты ағаштардың 60-қа жуық көшеті отырғызылды

«Таза Қазақстан»: Смирново ауылында қылқан жапырақты ағаштардың 60-қа жуық көшеті отырғызылды

November 1, 2024 10:22

Смирново ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызылды. Аудан әкімі Жанар Құсайынова жергілікті тұрғындармен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірге 60 шырша көшетін отырғызды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Іс-шара ауа сапасын жақсартуға және аумақты көгалдандыруға бағытталған экологиялық бастаманы қолдаудағы маңызды қадам болды.

“Бұл ағаштар біздің табиғатқа деген қамқорлығымызды білдіреді. Бәріміз бірге ауданымыздың және еліміздің болашағына үлес қосудамыз”, – деп атап өтті аудан әкімі Жанар Құсайынова.

«Таза Қазақстан» акциясы экологиялық таза болашақ жолында мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіре отырып, жұртшылықтың назарын экология және табиғат туралы мәселелерге аударуды жалғастыруда.

Shares