Айыртау ауданының ауылдарының бірінде демалыс орталығы салынуда
Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаев «Amanat» партиясы филиалының комиссия мүшелерімен бірге Бірлестік ауылындағы демалыс орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Бұл жоба бойынша ағымдағы жылы «ТЕХНОКОМ» ЖШС-мен жалпы сомасы 156 669,6 мың теңгеге 2 жылдық шарт жасалды. Бүгінде нысанның қасбеті, төбені жылы материалмен қаптау, шатырды сайдингпен жабу, ғимарат ішіне плитка төсеу, тамбур орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал жылыту қазандығы дайындау сатысында.