ҰҚК Шекара қызметінің СҚО бойынша мамандары бір тоннадан астам есірткі заттарының тасымалына тосқауыл қойды
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 10 айын қорытындылады. Мамандар прекурсорларды мемлекеттік шекара арқылы алып өтуге қатысты 12 талпыныстың алдын алды. Оның жалпы салмағы 1 тонна 693 килограмм 152,69 грамм, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“ҚР ҰҚК Шекара Қызметі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізіп жібергені үшін тұлғаның мүлкі тәркіленіп, бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады”,- делінген хабарламада.