Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Боран, қар және көктайғақ: СҚО-да ауа райы күрт өзгереді

Боран, қар және көктайғақ: СҚО-да ауа райы күрт өзгереді

5 қараша кешкі 20:00 мен 7 қараша аралығында сақ болыңыздар! «Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалы өңір аумағында дауылды ескерту жариялайды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“6 қараша күні күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), түнде батыста, оңтүстікте көктайғақ, боран күтілуде, күндіз де дәл осындай болмақ. Ал 7 қарашада түнде облыстың солтүстігінде қалың қар түседі. 7 қарашада көктайғақ, боран болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысатын жел соғады, 6 қарашада түнде батыста, оңтүстікте желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, 6 күндіз және 7 қарашада тәулік бойы екпіні 15-20 м/с жететін жел тұрмақ, оңтүстікте, шығыста көрсеткіш 23-28, кей жерлерде 30 м/с дейін жетпек”, – делінген синоптиктердің хабарламасында.

СҚО полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерден жолдарда барынша ұқыпты болуды, жылдамдық режимін, қажетті қашықтықты сақтауды, алысқа барудан және жаяу жүруден бас тартуды, сондай-ақ қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды өтінеді.

Shares