Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да прокурорлар балалар суицидін насихаттаған бірнеше Telegram арнаны бұғаттады

СҚО-да прокурорлар балалар суицидін насихаттаған бірнеше Telegram арнаны бұғаттады

Облыс прокурорлары «Telegram» мессенджеріне мониторинг жүргізген. Сол кезде «аниме» жанрында өз-өзіне қол жұмсау бойынша тапсырмаларды орындаған екі жасөспірімді анықтапты. Заңды өкілдермен сәйкес профилактикалық жұмыс жүргізілді, аталған балаларға психологиялық көмек көрсетілді және уәкілетті органдар оларды бақылауға алды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Сонымен қатар, осы мессенджерде балалар суицидін тікелей насихаттайтын 8-ден астам заңсыз контент анықталды. Қазіргі уақытта «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы осы топтарға кіру бұғатталған», делінген СҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Прокуратура органдарының тапсырмасы бойынша тәуекел тобындағы балаларды анықтау мақсатында сауалнамалар мен психологиялық тренингтер жалғасуда. Қадағалау органы қоғамнан суицид пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын контенттер анықталған жағдайда «102» арнасына немесе облыс прокуратурасының сенім телефонына 8-7152-36-03-83 хабарласуын сұрайды.

Shares