Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Айыртау ауданында су тазарту қондырғылары орнатылуда

Айыртау ауданында су тазарту қондырғылары орнатылуда

Биыл Айыртау ауданындағы Антоновка және Нижний Бурлук ауылдарында таратушы желілері бар жергілікті сумен жабдықтау көздерінің құрылысы бойынша жалпы сомасы 3,3 млрд теңгеге жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы ауданның 11 ауылында кешенді су тазарту модульдері орнатылды, 7 ауылда қондырғы орнатылуда. 10 қарашаға дейін Верхний Бурлык, Альжанка, Бурлык, Высокое, Орловка, Сартүбек, Красивое ауылдарында орнатылады. Ал 2025 жылы суды тазартудың 11 кешенді блогын орнату жоспарлануда. Сондай-ақ топтық су құбырына қосу үшін 17 елді мекенде сумен жабдықтаудың таратушы желілерін салу бойынша ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді”, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Мейрам Меңдібаев.

Казанка, Құмтөкен ауылдарындағы су құбырының тарату желілеріне арналған жобаларға сараптама жүргізілуде. Саумалкөл, Имантау және Каменный Брод ауылдарының су құбыры желілерін дамытуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.

Shares