Экология мәселелері және оны шешу жолдары
Петропавлда Ғабит Мүсірепов атындағы кітапханада экологияға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс- шара «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Біз спикер ретінде Солтүстік Қазақстан облысының экология департаментінің өкілін шақырдық, ал Қозыбаев атындағы университет пен колледж студенттері тыңдарман болды. Бұл жастар күн суытқанға дейін талай рет сенбіліктер мен экоакцияларға қатысты. Бүгін олар қордаланған экологиялық мәселелерге қатысты ақпаратты тыңдайды», – дейді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының нұсқаушысы Айсұлу БекІмова.
Студенттер пікірталасқа қатысып, өз пікірлерін білдіріп, экологиялық проблемаларға немқұрайлы қарайтындармен күрес жолдарын ұсына алды.
«Табиғатты аялаудың жолдарын балабақшадан үйрену керек, содан кейін кейбір материалды мектепте тереңірек меңгеруге болады деп есептеймін. Мен эколог мамандығыбойынша 4 курс студентімін және дипломдық жұмысымды осы экология мәселелері бойынша жазып жатырмын. Қазақстан қалаларында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жағдайы қиын. Билік бұл мәселеге назар аударуы керек», – дейді Kozybayev University студенті Айнұр Серғалиева.