Петропавлда полиция қызметкерлері арасында шахматтан іріктеу турнирі өтті
Шахматтан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кубогы үшін іріктеу кезеңі аясында қалалық шахмат клубына осы зияткерлік ойынның 30-ға жуық әуесқойлары жиналды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Жарыстың ұйымдастырушылары СҚО ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы бөлімінің және «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының қызметкерлері болды.
Іріктеу кезеңінің чемпионы болып СҚО ПД ЖПҚ қызметкері Ілияс Оразбаев танылды. Екінші орынды Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкері Данияр Іргебаев иеленді. Үздік үштікті ПД арнайы жедел әрекет ету жасағының өкілі Бақыт Бекенбаев жапты.
Жарыс жеңімпаздары «Динамо» Дене шынықтыру және спорт қоғамының сыйлықтарымен марапатталды. Бірінші және екінші орын алған жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кубогында СҚО ПД намысын қорғайды.