Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » 2024 жылдың басынан бері Есіл ауданына тартылған инвестиция көлемі 19,4 млрд теңгені құрады

2024 жылдың басынан бері Есіл ауданына тартылған инвестиция көлемі 19,4 млрд теңгені құрады

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму туралы өңірлік коммуникациялыр қызметі алаңында өткен брифингте Есіл ауданы әкімі Мереке Мұхамедьяров есеп берді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Аудан әкімі атап өткендей, 2024 жылдың 10 айында негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 5 млрд 745 млн теңгеге артып, 19,4 млрд теңгені құрады. Негізгі көлем 15,0 млрд теңгеден астам жеке инвестициялар еншісінде. Ең көп инвестиция ауыл шаруашылығы саласына тиесілі – 10,5 млрд теңге.

«Қаңтар-қазан айларындағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 2024 жылы 6,2 млрд теңгені құрады. Тау-кен өнеркәсібінің көлемі 1,6 млрд теңгеден асады. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 3,6 млрд. 2024 жылы өнеркәсіп өнімінен күтілетін көлем 8 млрд теңгеден асады», – деді Мереке Мұхамедяров.

Есіл ауданының аумағында  2025-2028 жылдары арылығында 27 бірлік жел генераторын салу жобасы жүзеге асырылмақ. Жоба жетекшісі «Green Era company» ЖШС. Жоба құны 3 млрд теңгені құрайды, жобалық қуаты 200 М/Вт.

«2024 жылдың 10 айында жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 893 болса, оның 490-ы жеке кәсіпкерлер, 134-і заңды тұлғалар, 269-ы шаруа және ферма қожалықтары. Қаңтар-қазан айларында бөлшек тауар айналымының көлемі 6 млрд теңгеден асты. 2024 жылға күтілетін көлем 7,0 млрд теңгеден асады. 2024 жылы шағын және орта бизнес субъектілері 6 кәсіпкерлік нысанын ашты», – деп атап өтті аудан әкімі.

 

 

Shares