СҚО ПД: «Жол апатынан зардап шеккендерді ұмытпаңыз, оларға қолдау көрсетіңіз»
Дүниежүзілік жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу күні қарашаның әр үшінші жексенбісінде аталып өтеді. 2005 жылы ол жан түршігерлік жол апатында қаза тапқандарды құрметтеу және олардың жақындарына жанашырлық білдіру мақсатында БҰҰ өкілдерімен мақұлданды.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын шамамен 1,3 миллион адам көлік апатының құрбаны болады. Қазақстанда бұл күн қалай аталып өтіледі және ел жолдарындағы жағдай туралы QZ news тілшісі әңгімелейді.
Осы айтулы күнге орай Қазақстанда жол қауіпсіздігі мәселесіне назар аудару мақсатында акциялар өткізілуде. Полицейлер жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін және жол қауіпсіздігін сақтауды ескертіп, жедел-профилактикалық жұмыстармен белсенді айналысуда.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері елімізде 22 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 2 мың адам қаза тауып, 25 мыңнан астамы түрлі жарақаттар алған. Қазақстанда жол-көлік оқиғалары мен қаза тапқандар саны артып келеді.
Адам өліміне әкелетін жазатайым оқиғалардың ең көп тараған түрлері – қарсы келе жатқан көліктердің соқтығысуы, жаяу жүргіншілерді соғып кету және көліктердің жол шетіне шығып аударылып қалуы. Оған себеп- жылдамдықты асыру.
«Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 109 жол-көлік оқиғасында үш адаммерт болып 132 жасөспірім жарақат алған. Жағдайлардың жартысына жуығы (46 ЖКО) олар жолаушылар болды. Сондықтан жүргізушілермен қарқынды жұмыс жүргізу қажет, жол апатынан зардап шеккендер туралы ұмытпаңыз, оларға қолдау көрсетіңіз.Жолдарда көлік апаттарының көбеюіне жол бермеу сіздің қолыңызда. Сіз жолаушылардың өміріне, сіз жүргізетін көліктің қауіпсіздігіне жауаптысыз! Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар! Жолдарда сақ болыңыздар!», – деп еске салды СҚО полициясында..
Дүниежүзілік жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу күні адамдарға өмірдің құндылығын және жолда қауіпсіздігі ережесін сақтаудың маңыздылығын еске салады. Жыл сайын республикалық акциялар мен іс-шараларды өткізу жүргізуші тәртібіне бақылауды күшейтеді.