Тәртіп сақшылары «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында кәмелетке толмаған 11 баланы анықтады
Өткен демалыс күндері Солтүстік Қазақстанда ювеналды полиция қызметкерлері басқа бөлімшелермен және мүдделі ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп «Түнгі қаладағы балалар» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Түнгі көшелерде, ойын-сауық орындарында, компьютерлік клубтарда күшейтілген рейдтер жүргізілді. Демалыс күндері облыс бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйлерінен тыс жерде жүруінің 73 фактісі анықталды. 11 жағдайда жас заңбұзушылар мас күйінде болған.
Сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеуде өз міндеттерін орындамағаны үшін 29 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 20-сы жедел іс-шара барысында анықталып, полицияға есепке алынды.