Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да жаңа кәсіпорын жылына 22 млрд.тг салық төлеме

СҚО-да жаңа кәсіпорын жылына 22 млрд.тг салық төлеме

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов биыл қыркүйек айында іске қосылған сусындар шығаратын жаңа зауатта болды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Бұл жобаға 13 млрд теңгеге жуық инвестиция құйылды. Автоматтандырылған заманауи еуропалық қондырғылар онатылды. Процесті автоматтандырудың арқасында өнімділік өсе түсті. Компания өнімнің 70 пайызын экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.

«Өндірістің іске қосылуы мультипликативті әсер береді. Жұмысшылар саны 260-тан 385адамға дейін өсті. Орташа жалақы -267 мың теңге. Бұл кәсіпорын облыстағы ең ірі салық төлеуші. Өткен жылы кәсіпорын облыс бюджетіне 15.6 млрд.теңге салық төлесе, оның 13,5 млрд-акциздер. Жаңа желілердің іске қосылуы акциздердің түсімін 22 млрд теңгеге дейін көбейтпек. Жалпы, жаңа өндірістің іске қосылуы жаңа жұмыс орындарн ашуға, салық базасы мен бюджет түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік берді»,- деп жазды облыс әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Shares