Жұмабаев ауданында құтқарушылар ауыл тұрғындарына жылыту маусымындағы сақтық шараларын және мұз айдынына шығу ережелерін еске салады
М. Жұмабаев аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары жылу беру маусымында өрттің алдын алу мақсатында жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Іс-шара барысында көп балалы отбасыларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарына ерекше көңіл бөлінеді.
Сонымен қатар, «МҰЗ-2024» акциясы аясында М.Жұмабаев ауданының ТЖ қызметкерлері аудан тұрғындарына балық аулау қоймаларында профилактикалық іс-шаралар жүргізіп, мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіруде.
Құтқарушылар азаматтарға құтқару кеудешесіз мұзға шығуға болмайтындығын, мұз қатпаған өзен-көлдердің бетіне шығу қауіпті екендігін ескертеді.