Смирновода қол күресінен облыстық спартакиада өтті
Смирново қаласында мектеп оқушылары арасында қол күресінен «Жастар» облыстық жарысы өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі. Спорттық іс-шараға қатысушыларды Аққайың ауданы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Байзақ құттықтады.
«Жарысқа облыстан 12 команда қатысуда. Әр қатысушы өзінің күшін, ерік-жігерін, жеңіске деген құлшынысын көрсетеді», – деді аудан әкімінің орынбасары
Спорттық іс-шараға 7 салмақ дәрежесі бойынша 160-қа жуық мектеп оқушысы қатысты: ұлдар – 50 кг, 55 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 80 кг + 80 кг және қыздар – 45 кг, 50 кг, 5 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, + 70 кг.
«Әр салмақ дәрежесі бойынша жекелей сында жеңімпаз сол және оң қолмен күресте ең көп жинаған ұпай саны бойынша анықталды. Егер екі спортшының жинаған ұпайларының қосындысы тең болса, онда жекпе-жекте қарсыласымен салыстырғанда жақсы өнер көрсеткен спортшыға артықшылық беріледі. Командалық жарыста жүлделі орындарды анықтау кезінде әр салмақ дәрежесіндегі үздіктер анықталады, командалық есепте де көп ұпай жинағандар үздік атанады», – дейді жарыстың бас төрешісі Әмірбек Ахметов.
Жарыс қорытындысы бойынша Қызылжар ауданының командасы 1 орынды, Аққайың ауданының командасы екінші орынды, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның командасы үшінші орынды иеленді.