СҚО-да 466 отбасылық жанжалқой есепте тұр
Петропавлда 25 қарашада басталған «Зорлық-зомбылыққа қарсыбелсенділіктің 16 күні» акциясы аясында полицейлер отбасыжанжалқойларымен кездесу өткізді. Іс-шара No8 учаскелік полиция бөлімшесінде өтті. Жиынға тұрмыстық жанжал үшін бірнеше рет жауапқа тартылған 17 ер адам мен әйел шақырылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Тәртіп сақшылары оларға биылдан бастап ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру сияқты құқық бұзушылықтар үшін енді қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Сондай-ақ кездесуге арнайы шақырылған «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы басшысы Жанат Мұхамеджанов пен Психикалық денсаулық орталығының психологы Ирина Якимова да жиналғандардың сұрақтарына жауап берді. Олар жанжалқойларды өмір салтын өзгертуге, алкогольден бас тартуға, балаларына үлгі болуға шақырды.
Бүгінде облыс бойынша барлығы 466 отбасылық жанжалқой, 3105 маскүнем есепте тұр. 10 ай ішінде отбасылық тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтар үшін 2 мыңнан астам қорғау ұйғарымы шығарылды. Осындай кездесулер басқа полиция пункттерінде де өткізілмек, профилактикалық жұмыс күнделікті жүргізіліп тұратын болады.