«Ауыл» партиясы филиалының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысында 16 ауыл шаруашылығы қызметкерін марапаттады
November 29, 2024 16:21

«Ауыл» партиясы облыстық филиалының мүшелері кәсіби мерекелеріне орай ауыл шаруашылығы қызметкерлерін марапаттау рәсімін өткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Іс-шара С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананда өтті. 16 ауыл шаруашылығы маманы түрлі марапаттарға ие болды.

«Сала мамандары министрліктердің медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының, «Ауыл» партиясы төрағасының Алғыс хаттарымен мараптталды. Үш солтүстікқазақстандық Қазақстан Республикасы Ауыл, су шаруашылығы және ирригация министрліктерінің төсбелгілерінің иегері атанды», – деді «Ауыл» ХДП СҚОФ төрағасы Қайрат Пшенбаев.
