СҚО-да адам шығыны тіркелетін әрбір төртінші жол-көлік оқиғасы жол қиылыстарарында жүру ережесін бұзу салдарынан орын алады
Солтүстік Қазақстан полицейлері жыл басынан бері тыйым салынған бағдаршамнан өтіп кеткен 1090 жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Бұл жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу болып табылады, деп хабарлайды QZ News тілшісі
Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткен 1090 жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Бұл жол қозғалысы ережесін өрескел бұзудың Мұндай фактілер патрульдік полиция батальонының және бейнебақылау камераларының да көмегімен ашылып отыр. 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Тәжірибе көрсеткендей, көптеген автокөлік жүргізушілері бағдаршамның сары түсі де қозғалысқа тыйым салатынын ескермейді. Көше қиылысынан сары түске өтіп кетуге тырысатын ереже бұзушылар жолдың ортасында солға бұрылу үшін тоқтап тұрған жүргізушілердің маневрді аяқтауына мүмкіндік бермейді. Бұл апатты жағдай туғызады және жол-көлік оқиғасына алып келуі мүмкін.
“Көше қиылыстарында қауіп жоғары. Адамдардың зардап шегуіне алып келген әрбір төртінші жол-көлік оқиғасы көше қиылыстарынан өту ережелерін бұзудың нәтижесінде орын алып жатады. Жыл басынан облыста тіркелген 433 жол апатының 102-сі осының салдарынан болған. 10 айдың ішінде СҚО жолдарында 60 мыңға жуық түрлі бұзушылықтар тіркелді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүрісі қағидаларының талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз»,-дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Әлібек Ғабдуллин