Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда отбасылық жанжалқой 25 тәулікке қамауға алынды

Петропавлда отбасылық жанжалқой 25 тәулікке қамауға алынды

37 жастағы Петропавл тұрғыны әйелін ұрғаны үшін 25 тәулікке қамауға алынды. Сараптама оның денсаулығына зиян келтірмегенін көрсетті, бірақ ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап ұрып-соғу әкімшілік заңнамадан қылмыстық заңнамаға ауыстырылды. Енді мұндай әрекетке барғандарды 80 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлмен 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылады.

Ішімшік ішіп алып отбасында жиі жанжал шығаратын жанжалқой бұған дейін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал қазан айында сот оны 25 тәулікке қамауға алу және мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптар туралы үкім шығарған. Атап айтқанда, оған ішімдік ішуге тыйым салынған.

«Солтүстік Қазақстан облысында ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру сияқты құқық бұзушылықтар бойынша 395 қылмыстық іс қозғалып, оның 49-ы сотқа жолданды», – деді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Исмагулов.

 

Shares