Қазақ театрының әртістері Жаңа жыл қарсаңында ересектер мен жас көрермендерге тосын сый дайындады
Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театрыбиылғы жылдың соңғы айындағы репертуарын жариялады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
4 және 5 желтоқсан күндері сағат 18:30-да әртістер көрермендерге «Шырайлы мекен» премьерасын ұсынады. Ол Ангиза Ишбулдинаның «На кисельном берегу» пьесасының желісі бойынша сахналанған. Қойылым режиссері Думан Адыкенов.
6 желтоқсан күні сағат 17:00-де «Sensitive» би театрының әртістері қазақ театрының сахнасында Александр Гриннің аты аңызға айналған «Рссекая волны» повесі бойынша «Алые паруса» пластикалық қойылымын көрсетеді.
10 желтоқсан күні сағат 16:30-да қазақ театрының әртістері көрерменге «Элгар Авеню,42» атты жаңа комедия ұсынады. Қойылым атақты ағылшын драматургі Рэй Кунидің шығармасына негізделген. Қойылымның қоюшы режиссері Асылхан Разиев.
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында 20-30 желтоқсан аралығында 11:00, 13:00, 15:00, 17:00 балалар жаңа жылдық ертеңгіліктері өтеді. Режиссері Дәурен Тойбазаров.