Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО әкімі Креативті индустрия орталығын Петропавлда не үшін салынғанын айтты

СҚО әкімі Креативті индустрия орталығын Петропавлда не үшін салынғанын айтты

Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлда Креативті индустрия орталығының неліктен салынғаны туралы айтты. Нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бой көтерді, деп хабарлайды QZ News тілшісі

Жоба «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асты. Бұрынғы қазақ театрының ғимараты тарихи келбетін сақтай отырып, қайта жаңғыртылды. Жоба авторлары заманауи инфрақұрылымды жасап, оны техникалық құрал-жабдықтармен толықтырды, шығармашылық жобаларды масштабтау үшін инновациялық жабдықтардыорнатты.

«Біз шығармашыл жастарымыз үшін өз идеяларын жүзеге асыра алатын  орталық аштық. Орталықта әртүрлі іс-шараларға арналған көптеген аймақтар бар. Мұндай нысанды жобаламас бұрын облысымыздың өкілдері Астанаға, Саха Республикасына барып, осындай орталықтарды қарап шықты. Біз талантты азаматтарымызбен мақтана аламыз. Бізде киім дизайнері Айжан Колчина бар, ол ұлттық киімдер топтамасын жасауды жоспарлап отыр. Ол Париж сән апталығында өз туындыларын ұсынды. Шығармашылық орталықта Айжан Колчина жастарға киім тігу өнерін үйретеді. Олар дизайнерден осы өнердің қыр-сырын танып, кейін өз ісін ашады деп ойлаймын», – деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

 

Shares