Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Биыл Солтүстік Қазақстан облысының ветеринария басқармасына қараусыз қалған жануарларды микрочиптеу, вакцинациялау және зарарсыздандыруға 1,5 млрд теңге бөлінді

Биыл Солтүстік Қазақстан облысының ветеринария басқармасына қараусыз қалған жануарларды микрочиптеу, вакцинациялау және зарарсыздандыруға 1,5 млрд теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі облыста қаңғыбас иттермен күресу бойынша қандай шаралар жүргізіліп жатқанын айтты. Ғауез Нұрмұхамбетов ветеринарлық қызмет аулау, микрочиптеу, вакцинация және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатқанынтүсіндірді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Бұл жұмыстарға ветеринария басқармасына 1,5 млрд теңге бөлінді. Солтүстік Қазақстанда 450-ге жуық ит бұл процедуралардан өтіп, мекеніне қайтарылды. Петропавлда кәсіпкер 500 ит пен 300 мысыққа арналған панажай ашты. Оған қоса, облыс орталығымен жобалық-сметалық құжаттама жасалды; Солтүстік Қазақстан облысының 8 ауданында панажайлар бар», – деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Shares