Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда белсенділер 314-атқыштар дивизиясының ескерткіші аумағын тазартты

Петропавлда белсенділер 314-атқыштар дивизиясының ескерткіші аумағын тазартты

Облыс орталығында «Таза Бейсенбі» акциясы жалғасуда. Бұл жолы белсенділер 314-ші атқыштар дивизиясының ескерткішінің аумағын тазартты, деп хабарлайды QZ Newsтілшісі.

Акцияға партия мүшелері, еріктілер, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері қатысты. Олар ескерткішке іргелес аумақты қар мен қоқыстан тазартты. «Таза Бейсенбі» акциясы Петропавл қаласы мен қала аудандарында тұрақты түрде өтуде. Оған қатысушылар саябақтарды, алаңдарды, солтүстікқазақстандықтар жиі баратын демалыс орындарын тазартады.

Shares