Еріктілердің әрбір ісі-өнеге
Жыл қорытындысында Солтүстік Қазақстан облысының 21 жастағы белсендісі, Солтүстік Қазақстан облыстық «Ассамблея Жастары» қоғамдық ұйымының жетекшісі Дариға Смаилова «Халықаралық «Жыл волонтеры» сыйлығының бір номинациясын жеңіп алды. Бойжеткен QZ News тілшісіне марапатқа жайында, сонымен қатар ол өткен жылдың қорытындысын шығарды және 2025 жылға арналған жоспарлары туралы айтты.
Дариға белсенділер қатарына мектепте оқып жүргенде-ақ қосылды.
«Біз ол кезде сыныптастарымызбен бірге жалғыз тұратын қарттардың күнделікті жұмыстарына көмектесіп тұратынбыз. Сол кезде де мұқтаж жандарға көмек пен қолдаукөрсету қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Университетке түскеннен кейінволонтерлік менің өмірімнің ажырамас бөлігіне айналды. Ал 5 жылдан бері түрліжобаларға белсене қатысып жүрмін», – дейді Дариға Смаилова.
Дариғаның еңбегі елеусіз қалмады. Екі жыл бұрын ол «Ассамблея жастары» РҚБ СҚОФжетекшісі болып тағайындалған болатын. Бұл ұйым 150-ден астам еріктілерден тұрады.
«Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз әлемді жақсы жаққа өзгертуге дайын жас, белсенді адамдар тобын жинай алдық. Биылғы жылы біз бірнеше айтулы іс-шараларды, соның ішінде облыс жастарын диалог пен тәжірибе алмасу үшін жинаған «Қызылжаржастары» форумын өткіздік. Біз облыс орталығын көркейту мақсатында тұрғындарға жайлы жағдай жасауға бағытталған іс-шараларды, сондай-ақ кино кештері мен ретро-концерттерді ұйымдастырдық, бұл көрнекті мәдени іс-шараға айналды», – деп бөлісті бойжеткен.
Тәжірибелі волонтер қоғамдық бірлестіктің жетекшісі болып жұмыс істеу оған көп нәрсені үйреткенін айтты.
«Ең бастысы – жауапкершілік пен адамдарды шабыттандыра білу. Көшбасшы өз ұжымының әрбір мүшесін қолдап, олардың әлеуетін ашуға, алға қойған мақсатына жетуге көмектесу керек екенін түсіндім. Дәл осы тәсіл нәтижеге қол жеткізіп қана қоймай, мықты және тату ұжым құруға мүмкіндік береді», – дейді «Ассамблея Жастары» РҚБ СҚОФ жетекшісі Дариға Смайылова.
Халықаралық «Жыл еріктісі» сыйлығының бір номинациясын жеңіп алу Дариға Смайылова үшін үлкен қуаныш болды. Белсенді марапаттауының артында көптегенқамқор жандардың еңбегі тұрғанын атап өтті.
«Бұл менің еңбегімнің ғана емес, бүкіл ұжымның еңбегінің мойындалуы болды және мен үшін бұл өте құнды. Марапат бізді алға жылжуға, волонтерлікті дамытуға жәнебейбітшілік, достық пен келісім құндылықтарын насихаттауға ынталандырады. Мен волонтерлік бізді күштірек, бірлікте және мейірімді ететін жол екеніне шын жүректен сенемін. Ал біздің еңбегіміз – баршаның кемел келешегіне қосқан үлес», – дейді Дариға Смайылова.
Қазір Дариға мен оның ұжымы жылдың ең қызықты оқиғаларының бірі – Солтүстік Қазақстан облысындағы «Ассамблея Жастары» РҚБ облыстық өкілдігінің қорытынды форумын дайындауда.
«Форумда біз жыл қорытындысын шығарамыз, ұжымымыздың жетістіктерін атап өтеміз, сондай-ақ жыл ішінде өзін тамаша көрсеткен он белсендіні марапаттаймыз. Номинациялардың бірі «Жыл волонтеры» болады», – деді белсенді.
Дариға Смайылова облыстағы волонтерлердің 2025 жылға жоспарлары көп екенін, өйткені Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл толатынын атап өтті.
«Біз жастарды қолдауға бағытталған бірнеше ауқымды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Еліміздің ауылдары мен өңірлерінен келген жастардың басын қосатын жастар лагері негізгі іс-шаралардың бірі болмақ. Бұл іс-шара тек өлкеміздің сұлулығын зерттеу алаңы ғана емес, сонымен қатар қатысушыларға тренингтен өтуге, команда құруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді», – деді Дариға Смайылова.