Серік Мұхамедиев Петропавл тұрғындарымен кездесу өткізеді
December 10, 2024 10:43

17 желтоқсан күні сағат 15:00-де Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев пен қалалық мемлекеттік органдардың басшылары Қазақстан Конституциясы көшесі, 25 мекенжайында орналасқан С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхана ғимаратында «Ашық есік күнін» өткізеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
20 желтоқсан күні сағат 11.00 де С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана ғимаратында қала әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуі өтеді.
