М.Жұмабаев ауданында «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы өтті
December 12, 2024 15:01

Булаево қаласында М.Жұмабаев ауданының полиция қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен бірлесіп «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Аудан тұрғындарына пиротехникалық бұйымдарды сақтау, пайдалану және тасымалдау ережелері түсіндірілді.

Жедел алдын алу іс-шарасы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және пиротехникалық өнімдердің заңсыз айналымының алдын алу мақсатында жүргізілді.
