Қазақстан Конституциясы көшесін қалпына келтіру жобасы үш кезеңде өтеді
Келесі жылы Петропавлда Қазақстан Конституциясы көшесін қайта жаңғырту жобасыжүзеге асырылады. Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев брифингте көшенің қалайөзгеретінін айтты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Бұл қаланың бетке ұстар көшесі болып табылады, ол әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі деп аталады. Біз көшені кеңейтіп, жарықтандыруды, брусчаткаларды жаңартып, жаңа сәулет элементтерін қосуды жоспарлап отырмыз. Жасыл аумақтарға әсер етпейді. Жоба үш кезеңде жүзеге асырылады. Жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді», – деді Серік Мұхамедиев баспасөз мәслихаты барысында.