Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар және смарт-қорғау жүйелері: білім саласындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Петропавлда өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар және смарт-қорғау жүйелері: білім саласындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұловтың төрағалығымен өткен жиындабалалардың қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Талқылауға облыстық прокуратураның, полиция департаментінің, Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының өкілдері, сондай-ақ білім беру мекемелерінің директорлары мен мұғалімдері қатысты, депхабарлайды QZ News тілшісі.

Білім басқармасы басшысының орынбасары келесі жылдан бастап облыс орталығындағыбарлық мектептерде оқу үдерісінің қауіпсіздігі үшін жасанды интеллектпенбейнеаналитика жүйесі енгізілетінін айтты.

«Жоба бізге Астанадан келді. Биыл бұл жүйені балабақша мен бір қалалық мектептесынақтан өткіздік. Жүйенің жұмыс істеу тәсілі – ол балалардың агрессиясының барлықкөріністерін ескере отырып, жанжалды анықтауға және оны шешуге көмектеседі», – дедіСолтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Анафина. 

Бүгінде облыстағы 361 білім беру нысаны бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Оларда 11 мыңнан астам камера орнатылған.

Shares