Солтүстік Қазақстанда алдағы күндері күн жылынады деп күтілуде
12 желтоқсанда Петропавлда термометрлер -6-8 °C көрсетеді көшпелі бұлт шығады, сырғыма жүреді, деп хабарлайды QZ News тілшісі СҚО бойынша «Қазгидромет» РМК-ғасілтеме жасап.
13 желтоқсанда ауа температурасы -4-6°С дейін төмендейді. Болжам бойынша көшпелібұлт шығады, жауын-шашын болмайды. 14-і күні облыс орталығында қар жауып, бұрқасын күтіледі, сынап бағанасы -3-5 °C көрсетеді.
12 желтоқсанда облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауып, сырғыма жүреді. Термометр көрсеткіштері -5-10 °C көрсетеді. 13-і күні ауа температурасы -3-8°С дейін төмендейді, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған қар жауады, сырғыма жүреді. 14 желтоқсанда облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауады, боран соғады 0-5 °C.