Тимирязев ауданында 3 мың гектардан астам жайылымдық жер халық мұқтажы үшін алынды
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жылды қорытындылаған Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров 10 айда 3 мың гектардан астам жайылымдық жеранықталып, қажеттілікті өтеу үшін мемлекет меншігіне қайтарылғанын айтты, депхабарлайды QZ News тілшісі.
«Елді мекендердің шекарасы 394 гектарға ұлғайтылды. Бүгінгі таңда жер мәселесін шешу үшін пайдаланылмайтын немесе мақсатсыз пайдаланылған жер учаскелерін анықтауға мүмкіндік беретін ғарыштық мониторинг қолданылады. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 6,8 мың гектар аумақта 6 субъектіге қатысты жұмыстар жүргізілуде», – деді Тимирязев ауданының әкімі баспасөз мәслихатында.