Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қызмет бабында қаза тапқан: СҚО полиция қызметкерлері сержант Юрий Медведевті еске алды

Қызмет бабында қаза тапқан: СҚО полиция қызметкерлері сержант Юрий Медведевті еске алды

Юрий Медведевтің есімімен байланысты оқиғаны бәрі біле бермейді. Облысорталығындағы көшеге оның есімі берілді. Полиция департаментінде тәртіп сақшысыныңкүнделікті қызметтік міндетін атқару кезінде өмірін қалай қатерге тіккенін еске алды, депхабарлайды QZ News тілшісі.

1964 жылы облыс, қала және полиция тарихында алғаш рет 33 жастағы сержант Юрий Медведевтің есімі көшеге берілді.

Ол 1930 жылы 7 шілдеде Қорған облысы, Макушин ауданы, Суслов ауылында дүниеге келген. Полициядағы қызметін 1954 жылы 26 қарашада Петропавл стансасының желілікішкі істер бөлімінде милиционер болып бастады. 1963 жылдың наурыз айында Петропавлқалалық ішкі істер бөлімінде учаскелік жедел уәкіл ретінде қызметін жалғастырды.

Желтоқсанның 16-сы, полиция сержанты Медведевтің қызметтегі соңғы күні үшіншіполиция бөлімшесіндегі кезекшілікпен тұспа-тұс келді. Сағат 23-тер шамасында 9 қаңтаркөшесіндегі №30 үйде ер адам қарудан оқ атып жатқаны жөнінде сигнал келіп түседі. Оқиға орнына жеткен Юрий қарда қансырап жатқан қанды әйелді көреді. Ол оған қарай жүгіре бергенде оның сол көзіне оқ тиіп, полицей қаза тапты. Полиция сержанты Юрий Медведевтің өмірі 33 жасында қыршыннан қиылды. Екі баласы жетім қалды.

«Бір күн бұрын оның қызы Нина төрт жасқа толды. Ол қызына кезекшіліктен келіп, қуыршақ сыйлаймын деп уәде берген, әріптестері оның туған күніне қуыршақ әкелеміздеген уәдесін орындады», – дейді СҚО ДП мұражайының жетекшісі Любовь Осинская. 

Солтүстік Қазақстан ПД мұражайында қайсар полицейдің қайтыс болған кезде кигензаттары – глушитель, әмиян, қол сағаты сақтаулы.

Петропавлда Юрий Медведев атындағы көше вокзал алаңынан бастау алады. Петропавл ПБаумағында қаза тапқан полиция қызметкерлерін еске алуға арналған мәрмәр ескерткішорнатылды, онда оның есімі қашалып жазылған.

Shares