Тимирязев ауданында жаңа супермаркет ашылады
Тимирязев ауданында бес кәсіпкерлік субъектісі «Даму» қоры арқылы субсидия жәненесиеге кепілдік беру түрінде мемлекеттік қолдауға ие болды, деп хабарлайды QZ Newsтілшісі.
«Жеке кәсіпкерлер Тайжанова мен Байғожинов екі сауда нысанының құрылысын бастады, инвестиция көлемі 80 млн теңгеден асады», – деді Тимирязев ауданының әкімі брифингте.
Ерлан Жаров аудан аумағындағы «Амиркин К.С.» ЖК ғимаратты қайта жаңғыртып жатқанын және ол нысанда заманауи бөлшек сауда жабдықтары бар супермаркет ашатынын айтты.