Жыл соңына дейін Петропавлда 207 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі
Облыс орталығында бюджеттік және коммерциялық қаражат есебінен «Жас Өркен», «Қопай», «Береке», «Орталық», «Орман» шағынаудандарындағы 32 учаскеде тұрғын үйқұрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Петропавл әкімі өткен жылды қорытындылап, алдағыжоспарларға тоқталған брифингте айтты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Биылғы жылдың он айында 100,1 мың м2 пайдалануға берілді. Жазда жұмыс күшінің тапшылығына байланысты кестеден қалып қою жағынан қиындықтар туындады. Қазіргі уақытта құрылыс алаңдарында жұмысшылар санының артуына байланысты жағдай қалпына келді. Құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Жыл соңына дейін барлығы 207,1 мың м2 тұрғын үй пайдалануға беріледі», – деді облыс орталығының әкімі.