Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Серік Мұхамедиев тұрғындармен кездесіп, сауалдарына жауап берді

Серік Мұхамедиев тұрғындармен кездесіп, сауалдарына жауап берді

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев тұрғындармен кездесуінде жылды қорытындылып, азаматтардың сұрағына жауап берді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Василий Ротарь облыс орталығының әкіміне қала аулаларының біріне тренажерлер орнатуға қатысты өз сауалын жолдады. Ондағы абаттандыру «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асырылды.

«Спорттық тренажерлар бөлшектелді, бірақ жаңалары орнатылмады. Аула тұрғындары келесі жылы орнатуға көмек сұрап жатыр», – дейді Петропавл тұрғыны Василий Ротар.

Сонымен қатар, қала тұрғынын ескі қоқыс жәшіктерін жаңасына ауыстыру мәселесі де толғандырды. Серік Мұхамедиев әкімдік қалдықтарды шығару мен қайта өңдеудің жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге кіріскенін айтты. Азаматтардың ескертулері назарда болады. Олардың кейбірі ПИК пен МИБ жұмысына көңілі толмай отыр. Өзекті мәселелерді талқылау үшін петропавлдық Виталий Пляшешников әкімдік жанындағы кеңес отырысын шақыруды сұрады. Қала басшысы бұл бастаманы қолдады.

Борки кентінің тұрғыны Серік Мұхамедиевтен күзде асфальт бетін ауыстыру кезінде жылу камерасының бұзылуына назар аударуды сұрады.

«Жылу камерасы бір жыл бұрын жөнделді. Бұзылғаннан кейін асфальт төсеген мердігерге талап-арыз бердік, ол еш әрекет жасамай отыр. Біз жылу камерасын жөндеуді 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына енгіздік», – деді «Петропавл жылу желілері» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Виталий Холоша.

Петропавл әкімі мердігермен жұмыстың аяқталуын талап етті, өйткені ол залалды қалпына келтіруге міндетті.

Жиында апатты жағдайда тұрған ағаштарды кесуге қатысты мәселе көтерілді. Әкім жұмыстың қалыптасқан кезек тәртібімен жүргізіліп жатқанын және уақытты қажет ететінін түсіндірді. Әйгерім Қазбекова жеке пәтер алу кезегінде 140-шы кезекте тұр.

«Мен төрт қыз тәрбиелеп отырмын. Өзім еден жуушымын. Тұрғын үйді жалға алуға мүмкіндік жоқ, маған шынымен көмек керек, кезек бар екенін түсінемін, бірақ менің жағдайыма назар аударуыңызды сұраймын», – дейді Петропавл қаласының тұрғыны Әйгерім Қазбекова.

«Отбасы банкі» Әйгерім Қазбековаға жалға берілетін тұрғын үй құнының 50 пайызын субсидиялай алады. Банк өкілі әйелге көп балалы аналарға ипотекалық несие алу мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Shares