Тайынша ауданының мектеп оқушылары мен студенттеріне «Закладчики» және «Расплата» филдері көрсетілді
Тайынша аудандық мәдениет үйінде «Закладчики» және «Расплата»деректі фильмдері көрсетілді. Сондай-ақ мектеп оқушылары, студенттер мен жергілікті қоғамдастық өкілдерінің басын қосқан жиын ашық диалог форматында өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, есірткінің зияндылығын және өз іс-әрекетіне жауапкершілікті түсіну болды.
Ұйымдастырушылар кездесуге қатысушыларға «Закладчики» және «Расплата» фильмін көрсетті. Көрсетілімнен кейін пікірталас өтті, оның барысында жастар өз ойларымен бөлісті, сұрақтар қойып, саламатты және адал өмір салтын ұстану үшін саналы таңдау жасаудың маңыздылығы туралы әңгімеледі.