Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 26 желтоқсанда Заречный кентінде әуе желісінің құрылысы аяқталады

26 желтоқсанда Заречный кентінде әуе желісінің құрылысы аяқталады

«Солтүстік Қазақстан РЭК» АҚ мамандары Заречный кентінің ауданында №1 және №5 110/10 кВ қосалқы станциялары арасында 10 кВ электр желісін салу бойынша жұмыстарды жүргізуде. Бұл туралы QZ News тілшісі «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ұзындығы 1400 метрді құрайтын желі Заречный, Хромзавод, Кирпичный кентінің 1,5 мыңға жуық тұрғынын резервтік қуатпен қамтамасыз етеді.

«Қазіргі таңда траверсті оқшаулағыштар орнатылып, сымдар тартылды. Қолданыстағы электр беру желісіне қосу қажет, жұмыстарды 26 желтоқсанда аяқтау жоспарланған», – деді «Солтүстік Қазақстан РЭК» АҚ қалалық электр желілері басқармасының бас инженері Алексей Семенюк.

Shares