Аққайың ауданында жалғызбасты анаға үйдің кілті табыс етілді
Аққайың ауданындағы Борки ауылында жалғызбасты анаға үй кілті салтанатты түрде табыс етілді. Әйел 2024 жылдың 15 мамырынан бастап «толық емес отбасы» санатында тұрғын үй кезегінде тұр, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Аудан әкімдігі хабарлағандай, 2024 жылғы тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру аясында 15 миллион теңгеге үй сатып алынған.
«Биылғы жылдың басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарынан 121 адам баспана кезегінде тұр. Оның ішінде алты адам баспана алды. Бір адам Смирново ауылынан және үшеуі Қаратомар ауылынан», — деді Аққайың ауданының әкімдігі.
Ауыл тұрғынына Борки ауылында жұмысқа орналасу ұсынылды. Бұрын кезекте тұрғандарға баспана ұсынылды, бірақ олар Борки ауылы шағын болғандықтан, ұсыныстан бас тартты.