Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы ҮЕҰ ХІ азаматтық форумы өтті

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы ҮЕҰ ХІ азаматтық форумы өтті

Солтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарының ХІ азаматтық форумында азаматтық қоғамды дамытудың маңызы мен болашағы талқыланды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Форум ҮЕҰ үздік әлеуметтік жобалары жәрмеңкесінің көрмесімен басталды. Азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлықпен күресудегі рөлі, жас мемлекеттік қызметшілердің құндылықтарын қалыптастыру, азаматтық қоғамды заңнаманы жетілдіруге тарту. Осы мәселелердің барлығын облыстың қоғам белсенділері талқылады

«Азаматтық қоғамды қалыптастыру – мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі. Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызын арттыру маңызды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында қоғамдағы цифрлық сауаттылықты да атап өтті. Бізге жүктелген міндетті орындауға бар күш-жігерімізді саламыз», – деді СҚО әкімі аппаратының басшысы Олжас Ыдырысов.

 

Shares