Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясында қаңтар оқиғаларының батырлары еске алынды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясында қаңтар оқиғаларының батырлары еске алынды

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясында қаңтар оқиғалары кезінде ерлікпен қаза тапқан мерзімді қызмет сарбаздары Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановты еске алу рәсімі өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясы бастығының уақытша міндетін атқарушы, полковник Асқар Қайратұлы Файзулин ашып, қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен ашты.

«Өткен жылдың қаңтар айында елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық ұланның екі әскери қызметшісі қаза тапты. Олар ел тыныштығы мен халықтың амандығын сақтау жолында өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен, асқан ерлікпен орындады. Қиын-қыстау сын сағаттарында жауынгер-гвардияшылар табандылық, батылдық және әскери антқа адалдықтың жарқын үлгісін көрсетті. Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановтың есімдері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының ерлік шежіресіне мәңгі жазылды», — деді академия бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Балгимбаев Ерден Еркінұлы жеке құрамға арнаған сөзінде.

Айта кетейік, қатардағы жауынгер Мадияр Қайсаров Қызылорда қаласындағы №5574 әскери бөлімінде, ал Айбат Аманов Талдықорған қаласындағы №5514 әскери бөлімінде қызмет атқарған. Ерлігі мен жанқиярлығы үшін олар қайтыс болғаннан кейін III дәрежелі «Айбын» орденімен және «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

 

Shares