Қозыбаев университетінде қысқы мектеп ашылды
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы Қозыбаев университетінің біліктілікті арттыру институтымен бірлесіп, қысқы мектептің студенттері арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды, қазақстандық патриотизмді және ұлттық бірегейлікті қалыптастыру бойынша алғаш рет біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Екі апта бойы «тірі кітап» форматында лекциялар, шеберлік сабақтары, кездесулер, , практикалық сабақтар, семинарлар мен тренингтер, диалог алаңдары күн сайын өткізіледі. Спикерлер қазіргі студент жастардың психологиялық ерекшеліктері, жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру, күнделікті өмірде жанжалдардың алдын алу, эмоционалдық интеллект тақырыптарын қамтиды. Олар әлеуметтік желілерде қарсы іс-қимыл технологияларын ұсынып, волонтерлік жобаларды құру және жүзеге асыру бойынша тәжірибелерімен бөліседі.
«Басты мақсат – тыңдаушыларға білім беру, оларға теориямен ғана емес, тәжірибелік әзірлемелермен де таныстыру. Біз курс тақырыбына сәйкес келетін инновациялық іс-шараларды өткізудегі тәжірибесімен бөлісе алатын түрлі салалардың, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының ең табысты өкілдерін курсқа спикер ретінде шақырдық», – деп атап өтті ҚХА кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная.
Курс 72 сағатқа есептелген. Ол 25 қаңтарға дейін жалғасады. Аяқтаған соң барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Университеттің баспасөз қызметі атап өткендей, тегін тыңдаушылар ретінде университет оқытушылары мен қызметкерлерінен бөлек Петропавл қаласындағы мектептер, колледждер, кітапханалар өкілдері, Солтүстік Қазақстан облысы ҚХА этномәдени бірлестіктерінің белсенділері, «Қоғамдық келісім» КММ қатысады.