Саумалкөлде 4 адам көмірқышқыл газынан зардап шекті
January 14, 2025 10:50

Таңертең Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында жеке тұрғын үйде көмірқышқыл газынан улану оқиғасы орын алды. Оған түтін мұржасының бітелуі себеп болды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
СҚО ТЖД мәліметінше, соның салдарынан 4 адам зардап шекті: 2 әйел, 52 және 75 жаста, 55 жастағы ер адам және 15 жастағы бала. Зардап шеккендер аудандық ауруханаға жатқызылды. Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық, ауруханаға жатқызудан бас тартты.
