Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Серік Мұхамедиев: «Ущева көшесіндегі бөгет к құрылысы толығымен аяқталды, беткейін бетон плиталармен нығайту жұмыстары жүргізілуде»

Серік Мұхамедиев: «Ущева көшесіндегі бөгет к құрылысы толығымен аяқталды, беткейін бетон плиталармен нығайту жұмыстары жүргізілуде»

Петропавлда облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысы өтті. Қала әкімі Серік Мұхамедиев Ғауез Нұрмұхамбетовке облыс орталығындағы бөгеттерді салу және нығайту жұмыстарының қалай жүріп жатқанын баяндады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Қала басшысы мәлім еткендей, алдағы жылдары болуы мүмкін төтенше жағдайлардың (ТЖ) алдын алу үшін үкіметтің қолдауымен «Демеу» қоры 3,3 миллиард теңге, сондай-ақ бөгеттер мен жер жұмыстарын нығайту жобаларын жүзеге асыруға облыстық резервтен 517 миллион теңге бөлді.

Бүгінгі таңда Заречный кентінде топырақ қоршау және айналма жолды салу жұмыстары аяқталды.

«Ущева көшесіндегі бөгеттің құрылысы толығымен аяқталды, қазір беткейін бетон плиталарымен нығайту жұмыстары жүргізілуде. Кожевенный кентіндегі бөгет биіктігі жобалық биіктікке дейін жеткізілді. Қазіргі уақытта бөгеттің негізін кеңейту, беткейлерін нығайту жұмыстары жүргізілуде», – деді Серік Мұхамедиев.

Shares