СҚО-да -30°С дейін аяз болады
Солтүстік Қазақстанға үскірік аяз келеді. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 22 қаңтарда ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
21 қаңтарда синоптиктердің болжауынша, кей жерлерде қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 3-8°С, дейін төмендейді.
«22 қаңтарда Петропавлда боран болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с. Ауа температурасы 25-27 дейін күрт төмендейді деп күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, облыстың солтүстігі мен шығысында қалың қар жауып, боран соғады. Солтүстік-батыстан соғатын жел облыстың батысында, солтүстікте, шығысында 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с. Түнде ауа температурасы 25-30 күрт төмендеуі ықтимал. облыстың оңтүстігінде 20 градус аяз болады деп күтілуде», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.