Петропавл тұрғыны жаңа теледидарының сынған экраны үшін өтемақы алды
Талапкер жауапкерден интернет арқылы құны 250000 теңге тұратын Samsung маркалы теледидарын сатып алды. Тауардың төлемі АҚ «Kaspi Bank» арқылы төленген, деп хабарлайды QZ News тілшісі
Тауарды Алматы қаласынан жеткізуге жүкқұжатқа сәйкес «АВТ» ЖШС жүзеге асырды.Тауарды жеткізгеннен кейін оны ашқан кезде ақаулар анықталған: теледидардың экраны жарылған. Сол күні талапкер жауапкерге тауардың ақшасын қайтып беру туралы ауызша шағыммен жүгінген. Бірақ, жауапкер тауардың ақшасын қайтарып беруге немесе теледидарды ауыстыруға бас тартқан.
Кейінрек талапкермен жазбаша шағым жіберілді, жауапкер шағымды алудан бас тартты.
«Сот талқылауының барысында жауапкер Қытайда шығарылған теледидарды талапкердың сатып алғанын растады. Жауапкердің айтуынша, тауар бапталған, бейнебайланыс арқылы телледидардың жарамдылығы тексерілген, буып-түйілген және зақымдалмай жөнелтілген. Жауапкер ақау үшін көлік ұйымы жауапты деп есептеді», – делінген No2 қалалық соттың хабарламасында.
Сотта «АВТ» ЖШС-нің өкілі ұйым тек қана тауарды жеткізумен айналысатын айтып өтті. Жауапкер оралған тауарды жеке өзі жеткізген, олар тауарды тексерусіз қабылдаған. Жеткізу кезінде қораптың тұтастығы бұзылмаған, көрінетін зақым болған жоқ.
«Соттың шешімімен арыз ішінара қанағаттандырылған. Сатып алу сату шарты бұзылған, жауапкерден талапкердің пайдасына: теледидардың құны – 250 000 теңге, тұрақсыздық айыбы – 227 500 теңге, моралдық зиянды өтеу – 50 000 теңге өндірілген. Қосымша жеке кәсіпкерден жергілікті бюджет кірісіне 8 467 теңге мемлекеттік бажы өндірілген», деп жазылған хабарламада.
Соттың шешімі заңды күшіне енді.